Ресейде шетел журналистеріне орыс тілін игеру міндетті емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей президенті бекіткен түзетулер шетел журналистерінен орыс тілін, РФ тарихы мен заңнамасының негіздерін білу қажеттілігін алып тастады, деп хабарлады Би-би-си.

Заң бұқаралық ақпаратты шет тілдерінде тарату үшін арнайы құрылған ұйымдарда жұмыс істеуге келген БАҚ қызметкерлеріне қатысты.

Қазіргі уақытта орыс тілін, Ресей тарихы мен заңдарын білу талаптары Ресейде уақытша тұруға немесе тұру түріне рұқсат алуға тілек білдірген барлық шетелдіктерге қолданылады. Мұндай қажеттіліктен басқа елдердің жоғары білікті мамандары босатылды.