Оқиғаның өткен жылы болғанына және жергілікті БАҚ-тың жарыса жазғанына қарамастан, полиция жарнамада берілген қызды іздестіруге кірісті.
Фирма өкілінің айтуынша, шіркеулер мен мешіттерде тыныштық болғанымен, қауіпсіздік шараларын ескерудің артықтығы жоқ.
Мысал ретінде жергілікті шіркеулердің екі жағдайдан кейін бақылау камераларын орнатқанын айтты. Бірінші жағдай - діни мереке кезінде шіркеу келушілердің бірі ұялы телефоны мен ақшасын ұрлатып алған. Екінші оқиға - 15 жастағы қыз шіркеуде жағылған діни рәсімнің шырағына темекі тұтатқан және оны фотоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған.