Ресейде SIM-карталарды қолдан қолға сату фактісі үшін айыппұл салады

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин сатып алушы тиісті құжаттарды ұсынбастан SIM-картаны қолдан қолға сатуға тыйым салатын заңға қол қойды.

Енді тіркелмеген SIM-карталарды сатқан азаматтарға 5 мың рубль, ал заңды тұлғаларға 200 мың рубльге дейін айыппұл салынатын болды.

SIM-картаны саудалаушы сатып алушымен ресми келісімді бекітіп, оның көшірмесі 10 күннің ішінде байланыс операторына тапсырылуы тиіс. Сонымен қатар байланыс операторы абоненттен келіп түскен мәліметтердің дұрыстығын тексеруге жауапты.

Белгілі болғандай, бұл шаралар тіркелмеген SIM-карталарды пайдаланатын алаяқтардың іс-қимылына тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.