Ресейде Сноуден атындағы сыйлық тағайындалмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей электрондық коммуникация қауымдастығының басшысы Сергей Internet Media Awards сыйлығы құрылғандығын, оған Эдвард Сноуденнің есімі берілгендігін мәлімдеді.

Бұл туралы "РИФ КИБ" форумының баспасөз мәслихатында белгілі болды.

«Жаңа сыйлық» кәсіби журналистерге арналады»,-деп атап өтті ол. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Internet Media Awards сыйлығына үміткерлердің өтініші мамыр айынан бастап қабылданбақ. Ал оларды марапаттау қыркүйекке жоспарланып отыр, деп хабарлайды Утро. ру.