Ресейде Солтүстік Кавказ істері министрлігі құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей президенті В.В.Путин «Ресей Федерациясы Солтүстік Кавказ істері министрлігі туралы» Жарлыққа қол қойды», деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметінен.

Құжатта атап өтілгендей, жаңа министрлік «Солтүстік Кавказды әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін жағдай жасауға байланысты мәселелерді кешенді шешу мақсатында» құрылды.

Ресей Федерациясы Солтүстік Кавказ істері министрлігі Солтүстік Кавказды әлеуметтік-экономикалық дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты өңдеу және іске асыру жөніндегі функцияны жүзеге асырады және Солтүстік Кавказ аумағында мемлекеттік бағдарламалар мен федералдық мақсаттағы бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді.

Ресей Президенті В.В.Путин өз Жарлығымен Ресей Федерациясы Конституциясының 83-бабының «д» тармағына сәйкес Л.В. Кузнецовты Ресей Федерациясы Солтүстік Кавказ істері министрі етіп тағайындады.