Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Ресей Федерациясының Свердлов облысы, Талицкий аудандық соты 2014 жылдың 21 ақпанында сотталушы Л.Р.-ға ұйымдасқан топпен алдын-ала сөз байласып, өзгенің автокөлігін тонауға қатысқаны үшін 2 жылға, сондай-ақ оған ұрлық жасап, адамның өміріне зиян келмейтін күш қолданғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Сотталушы Л.Р. жазасының қалған бөлігін Қазақстанда өтеу туралы ҚР Бас прокуратурасына арызданған.
Сот, Халықаралық шартың 602-бабының талабын басшылыққа алып, сотталушы Л.Р.-дің жазасының қалған бөлігін Қазақстанда өтеуі жөнінде қаулы шығарып, ҚР Бас прокуратурасының ұсынысын қанағаттандырды.