Ресейде су тасқыны болып, 22 мың адам жарықсыз қалды

МӘСКЕУ-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Иркутск обысында су тасқыны болып, 22 мың адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Электр жарығы Иркутск облысының Тулунск, Чунского, Тайшетского және Нижнеудинск аудандарында өшіп, 22,5 мың адам жарықсыз отыр», - деп хабарлайды агенттік.

Апат салдарынан 5 адам көз жұмған.

Сондай-ақ, Ресей президенті Владимир Путин Иркутск облысына арнайы келіп, жағдаймен танысты.