Шұғыл қызмет өкілдерінің мәлімдеуінше, кемедеоқыс оқиға болған, қазір ол өртеніп жатыр.
Архангел облысының губернаторы Игорь Орлов оқысоқиғаның болғанын растады. «Зардап шеккендер бар, қазір санитарлық авиацияжіберілді», - деді ол.
Хабарларға қарағанда, Северодвинскіден 30шақырым арыдағы әскери бөлімшеде жарылыс болған. Кей деректерге қарағанда екіадам қаза тауып, 15 адам зардап шеккен.
Еске сала кетейік, үш күн бұрын Ресейдің Красноярскөлкесіндегі Ачин ауданында орналасқан әскери бөлімнің аумағында жарылыс болып,өрт шыққан еді.