Қызмет хабарламасында, «Google Роскомнадзор талабын орындамай және оның үстіне сот үкімін бұза отырып Telegram Messenger Limited Liability Partnership компаниясының Ресей аумағында жұмысын жалғастыра беру үшін өзінің IP-адресін пайдалануын тоқтатпағандығы» көрсетілген.
Бұдан бұрын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда Telegram желісінің бұғатталу ықтималдығына қатысты пікір білдірген еді.