Ресейде терезесі сынған Boeing шұғыл қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Краснояр-Норильск рейсі бойынша ұшқан Boeing-737 жолаушылар ұшағының экипаж кабинасындағы әйнегі шытынап, әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлады ресейлік РИА Новости агенттігі лайнер тиесілі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Компанияның баспасөз хатшысы Ирина Воробьеваның айтуынша, оқиға 9 қыркүйекке қараған түні болған. Әуеге көтерілгеннен кейін лайнер басқару жүйесінде екінші ұшқыш жақтағы сыртқы әйнек қабатының шытынағаны туралы дабыл іске қосылған. Экипаж командирі Красноярдың Емельяново әуежайына жедел қону туралы шешім қабылдады. Краснояр әуежайынан ұшқан әуе кемесі екі сағаттан кейін жерге қонды.

Қону кезінде еш қиындық туындаған жоқ, борттағы 167 жолаушының ешбірі зардап шекпеген жоқ.