«Қазіргі таңда күдікті ұсталды. РФ Томск облысы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының тергеу бөлімі РФ ҚК-нің 205.2-бабы 2-бөлігі («Террористік әрекетті жүзеге асыруға жариялы түрде шақыру, терроризмді жариялы түрде ақтау немесе терроризмді насихаттау) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.
ФҚК-да нақтылағандай, күдікті Томскте жүріп, резонанс тудырған лаңкестік актілерге оң баға беретін материалдарды таратқан. Сондай-ақ оны жасаған террористердің әрекетін көпшілік арасында ақтаған.