Ресейде тұңғыш рет роботтың көмегімен жүрекке операция жасалды

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Пирогов атындағы Ұлттық-медициналық-хирургия орталығында робот-ассистентті қолдану арқылы жүрекке операция жасалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарлады.

«Операцияны жүзеге асырған хирург пациентпен тікелей байланыста болған жоқ, жасанды төрт «қолмен» жабдықталған роботты басқарды, ол жеті түрлі қызмет атқарады, сөйтіп, адам қолынан мүмкіндігі әлдеқайда жоғары», - делінген ведомствоның ресми хабарында.

Еске сала кетейік, операция ойдағыдай өтті және пациенттің өміріне ешқандай қауіп жоқ, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.