Өрт жексенбі, 3 сәуір күні сағат 22:00 шамасында ағаштан салынған жекеменшік тұрғын үйде шыққан.
Жалынды сөндіру кезінде үйден жеті адамның мүрдесі табылды: 1938, 1964 және 1993 жылғы үш әйел, 1957 және 1987 жылғы екі ер адам және 2006 жылғы ұл мен 1999 жылғы қыз бала. 2000 жылы туған ұл бала аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Қаза тапқандардың жетеуі туыс екені, бір ер адамның олардың қонағы болғаны нақтыланып отыр.
«Оқиға орнын тексеру жұмыстары жүргізілуде, куәгерлер сұралып жатыр, сот-медициналық және өрт-техникалық сараптамалар тағайындалды. Тексеру жұмыстарының қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деді құтқарушылар.
ТЖМ-нің аймақтық басқармасының мәліметтерінше, өрт аумағы 80 шаршы метрді құрады.
10:15, 04 Сәуір 2016
Ресейде тұрғын үйде шыққан өрт сегіз адамның, оның ішінде үш баланың өмірін жалмап кетті (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Томск облысындағы Молчаново ауылында болған өрт салдарынан сегіз адам қаза тапты, соның ішінде үшеуі - кәмелет жасқа жетпегендер, деп хабарлады tvzvezda.ru.