Ресейде учаскелік полицей екі қонжықты құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Кострома облысында учаскелік полицей анасын жоғалтқан екі қонжықты бір топ иттен құтқарды, деп хабарлады өңірлік ІІМ басқармасынан.

Солигаличский ауданындағы ауылдардың бірінің көшелерінде қонжықтардың жүгіріп жүргені жайлы хабар полицияның кезекшілік бөліміне түсті. Учаскелік полицей Максим Карышев қонжықтарды иттерден құтқару үшін оқиға орнына шұғыл жетті. Максим жергілікті аң аулау басқармасымен байланысқа шығып, аңдардың адамдарға шарасыздан барғанын анықтады. Олар анасын жоғалтқан екен, - деп хабарлады полицияда.

Учаскелік полицей қонжықтарды өзімен бірге алып кетті. Ол аңдар үшін жаңа мекен тапты. Қазір қонжықтар Тверь облысындағы тәлімбаққа бейімделіп жатыр, деп жазды rg.ru.