Ол өз автокөлігінің салонында құрбандарға травматикалық тапаншадан оқ атқан. Екінші қылмысын қазір халықаралық іздеу жарияланған өзінің жерлесімен бірігіп жасаған. Қаскөйлер қаза тапқан валюташылардың 5 миллион рубльден астам қаражатын жымқырған.
Бұл іс орынборлық такси жүргізушісінің көмегімен ашылды, ол көлік салонында атылған оқтың жолаушылар автобусына тигенін көріп, түсініктеме берген. Мақсатов Орынборға үшінші бармақ болған кезінде ұсталып, қамауға алынды.
Оқиғаның қалай өрбігені туралы толықтай орынборлық телеарнаның орыс тіліндегі сюжетінен көруге болады.