Ресейде ВГТРК телеарнасы операторының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарт - Мәскеуде ВГТРК телеарнасының операторы Андрей Назаренконың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Тергеу органдарының хабарлауынша, 20 шілдеде оператордың баласы Большой Филевский көшесіндегі пәтерден әкесінің өлі денесін тапқан. Оның басынан және денесінен оқ жарақаты болған.  Қазіргі уақытта сот-сараптамалық шаралар қолға алынып, мамандар оқиғаның мән-жайын анықтауда.