Ресейде ядролық зымырандарды күзететін роботқа сынақ жүргізілді
01:21, 11 Қараша 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің стратегиялық бағыттағы зымырандар әскерінде шахталық тетікті іске қосу құрылғыларын күзететін роботталған жүйеге сынақ жүргізілді, деп хабарлайды korrespondent.net РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Стационарлық роботты техникалық кешен заманға сай атыс және гранатаатқыш кешендермен жабдықталған. Ол бұйрық берушінің нұсқауымен 400 метр аумақта нақты бір нысанды айнала атқылауға қауқарлы»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.
Әскерилер сынақ кезінде шартты түрде ұйымдастырған диверсанттардың робот күзететін нысандарға білдірмей кіріп кетулеріне ешқандай мүмкіндік болмағандығын айтты.
Сынақ Козель зымыранды байланыс жүйесінде жүзеге асырылған.