«Стационарлық роботты техникалық кешен заманға сай атыс және гранатаатқыш кешендермен жабдықталған. Ол бұйрық берушінің нұсқауымен 400 метр аумақта нақты бір нысанды айнала атқылауға қауқарлы»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.
Әскерилер сынақ кезінде шартты түрде ұйымдастырған диверсанттардың робот күзететін нысандарға білдірмей кіріп кетулеріне ешқандай мүмкіндік болмағандығын айтты.
Сынақ Козель зымыранды байланыс жүйесінде жүзеге асырылған.