Ресейде зейнеткер әйел жұбайын балталап тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде зейнеткер әйел жұбайын балталап тастады. Қазіргі уақытта әйел тұтқындалып, оған психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«29 қазан күні Ресейдегі Костенька ауылында 55 жастағы әйел ұйықтап жатқан күйеуінің басынан балатаман ұрған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан ер адам ауруханада көз жұмған. Одан кейін ол 8 және 10 жастағы немерелерін балтамен ұрған», - деп хабарлайды ресейлік БАҚ.

Ұлы оның қолынан балтаны алып, полиция келгенше жеке бөлмеге қамап қойған. Балалар бас жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал әйелге қатысты «адам өміріне қастандық жасау» және «адам өлтіру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұтқындалып, тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалды.