Ресейде жол апатынан 3 адам қаза тауып, 40-тан астамы зардап шекті

Фото: None
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Новороссийскінің маңында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі көлік те құздан құлап кетті. 40-тан астам адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапты. Көз жұмғандардың арасында бір бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Краснодар өлкесінің Денсаулық сақтауминистрлігінің ақпаратынша, 44 адам ауруханаға жеткізілді, олардың 12-сі –балалар.

Ресей ІІМ Бас басқармасының Краснодарөлкесі бойынша баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апатынан көз жұмғандардыңбарлығы – жеңіл көліктің жолаушылары.

«Қаза тапқан әйел мен кәмелет жасқа толмаған екі бала– жеңіл автокөліктің жолаушылары. Volkswagen Touareg автокөлігінің 1974 жылытуған жүргізушісі орташа ауыр халде ауруханаға жеткізілді», - деді ведомстводан.

Новороссийск мэрінің орынбасары Наталья Майорова ТАССагенттігіне мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы салдарынан 31 адам ауруханағажеткізілді, бесеуі ауыр халде жатыр. «31 адам біздің ауруханада жатыр, арасындабалалар бар. Бес адамның халі ауыр», - деді ол.

Автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуы 7 тамыз күні кешке,Верхнебаканский ауылының маңындағы А-146 тасжолында болған. Соқтығысқанкөліктердің ішінде 45 адам болды. Автобус «Эллада» шипажайына тиесілі.

Соңғы жаңалықтар