Ресейде жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Көлік министрлігі жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, бұл туралы ведомствоның ресми өкілдері мәлім етті, деп хабарлады https://informing.ru.

Олар елде электрлі көліктерді таратуға бағытталған.  Жол қозғалысы ережелеріне ресми түрде «электромобиль» ұғымы енгізіледі. Дайындалып жатқан өзгерістерде электрокар электр жетек арқылы жүретін көлік құралы болып саналады. 

Сарапшылар қазір жұртшылық электрокары мен гибридтік автомобильдерді жиі шатастыратынын айтады, ал олар әртүрлі кластағы көлік құралдары. Электроомбильдерді зарядтайтын арнайы орындар жол белгісіне енгізмек.

Сондай-ақ экскурсиялық автобустардың қозғалысы тәртібіне де өзгерістер енгізу жоспарлануда. Көліктің бұл түрі үшін өтінім бойынша арнайы рұқсат беріледі, бұл олардың маршруттық авобустар жолағымен жүруіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар енді қарапайым автомобильдердің арнайы белгіленген орындардан басқа жерлерде тоқтап, жолаушыларды мінгізуіне және түсіруіне тыйым салынады.

Тағы бір жаңалық велосипедшілерге қатысты болмақ. Қазір 7 жастағы балаларға рұқсат берілген, ал жаңа ережеде велосипед теуіп, жолға шығуға 14 жастан кейін ғана рұқсат берілмек.