Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Фото: Виктор Драчев/ ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Федерациясының Амур облысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Амур облысында Ан-24 ұшағының құлаған жері анықталды.

- Жедел-іздестіру шаралары барысында Ресей авиациясының Ми-8 тікұшағы ұшақтың фюзеляжын анықтады, өрт шығып жатыр. Құтқарушылар оқиға орнына баруды жалғастырып жатыр, - деп хабарлады ТАСС агенттігіне РФ ТЖМ баспасөз қызметі.

Ан-24 ұшағының сынықтары Тындадан 16 шақырым жердегі тау баурайынан анықталды, деп хабарлады Амур азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі орталығы.

Амур облысында жоғалған Ан-24 жолаушылар ұшағы Тында әуежайына қонуға екінші айналымнан кейін байланысқа шықпай қойған.

- Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін сағат 13:00 шамасында (Мәскеу уақытымен 07:00 – ТАСС) Хабаровск – Благовещенск – «Ангара» әек компаниясының (Иркутск) Тында бағыты бойынша ұшып келе жатқан Ан-24 ұшағының экипажымен байланыс үзілген. Тында әуежайына қонуға екінші рет жақындаған кезде ұшақ екінші қонуға бет алды, содан кейін онымен байланыс үзілді. Әуе кемесінің орналасқан жері анықталған жоқ, іздестіру-құтқару операциясы ұйымдастырылды, - делінген Қиыр Шығыс көлік прокуратурасының хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тында көлік прокуратурасы Байкал-Ангара көлік прокуратурасымен бірлесіп ұшу қауіпсіздігі заңнамасының сақталуына тексеру ұйымдастырды.

Амур облысының губернаторы Василий Орловтың өзінің Telegram-арнасында хабарлағанындай, алдын ала мәлімет бойынша, ұшақта 43 жолаушы, оның ішінде 5 бала мен 6 экипаж мүшесі болған.