Ресейде жолаушылар мінген автобус жанып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстанда 35 жолаушысы бар автоубс жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Нефаз Аврора» автобусында 35 жолаушы болған, олардың барлығы көлік құралынан шығып үлгерген. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады республика бойынша ТЖМ Бас басқармасында.

Ведомствода оқиғаның Нуриманов ауданында орналасқан Павловка елді мекенінде болғанын нақтылады.

Еске салайық, биыл қаңтарда Ақтөбе облысында автобустың өртенуі кезінде 52 адам қаза тапты.