Тек қана 2008 жылы қауіпті дертті жұқтырудың 42 мың жаңа оқиғасы тіркелген.
Бұл туралы Санкт-Петерборда өткен «ХХІ ғасырдың басындағы АҚТҚ инфекциялары (Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы) мен вирустық гепатиттердің проблемалары» конференциясында Ресейдің бас санитарлық дәрігері Геннадий Онищенко мәлім етті.
«Қазір біз Ресей қоғамында нашақорлықтың дендеп бара жатқанын көріп отырмыз. Мысалы, 2008 жылы АҚТҚ инфекциясын ине арқылы жұқтырғандардың саны 5 пайызға өскен», дейді Г.Онищенко.
РФ Бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, осылайша АҚТҚ инфекциясының таралуының алдын алу мәселесінің өзектілігі артып отыр. 2011 жылға дейін Ресейде бұл мақсатқа 42 миллиард рубль жұмсау жоспарлануда. «Профилактика барысында біз жастардың бірлестіктеріне, терапиядан өткен бұрынғы нашақорлардың көмектеріне арқа сүйеуіміз керек. Әйтпесе, еш нәтиже болмайды», деп мәлім етті маман.