Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Астық тиеген пойыз Петровск қаласынан Аткарскке бет алған. Қираған Петровск ауданы Жерновка темір жол станциясы маңында орналасқан көпірдің бір жолы екенін және тек қана жүк пойыздарына арналғаны айтылуда.
16 вагоннан құралған жүк құрамы Петровсктен Аткарскке қарай қозғалған. Болжам бойынша, алты вагон рельстен шығып, оның екеуі Березовка өзеніне құлаған.