«Бүгін вакцинаның қауіпсіздігін тексерудегі клиникаға дейінгі зерттеудің оң нәтижелерін, сондай-ақ клиникалық зерттеулер мен тіркеуден кейінгі кезеңдегі тиімділік пен қауіпсіздік бойынша жинақталған деректерді ескере отырып, сарапшылар жүкті әйелдерге «Гам-ковид-вак» вакцинасын қолдануға қарсы көрсеткіштерді алып тастау туралы шешім қабылдады», - деді ол коронавирус инфекциясымен күрес бойынша үйлестірілген кеңесте.
Бұған дейін Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, ҚР академигі және бас репродуктологы Вячеслав Локшин жүкті әйелдердегі коронавирус инфекциясының ағымы туралы айтқан болатын.