Ресейде жұмыссыздық деңгейі соңғы 9 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетіп отыр

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресейде жұмыссыздық деңгейі соңғы 9 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетіп отыр.

«Ресей статистика» агенттігінің мәліметтеріне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, 2009 жылдың сәуір айының соңында Ресейде нақты жұмыссыздық көрсеткіші 7,7 миллион адамды құраған, бұл экономикалық белсенді халықтың 10,2 пайызы. Бұл мәліметтер Халықаралық Еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептеп шығарылып отыр. Еңбекпен қамту қызметтерінде 2,3 миллион адам тіркелген, олардың 1,9 миллионы жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуда.