Ресейдегі турнирде бүгін қазақстандық жеті боксшы шаршы алаңға шығады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 16 сәуір Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің екінші жарыс күнінде ел құрамасынан жеті боксшы шаршы алаңға шығады.
Ерлер:
48 келі Жүсіпов Теміртас — Михаил Прокопев (Ресей)
51 келі. Алдамжаров Бекзат — Дзалолов Амиршох (Ресей)
54 келі. Бибосынов Сәкен — Байранбеков Құрбан (Ресей)
63,5 келі. Қыдыралиев Жандос — Мамедов Абил (Ресей)
71 келі. Тоқтасынов Фарух — Абдырахмонов Асилбек (Өзбекстан)
Әйелдер:
75 келі. Баязитова Анастасия — Бенмабрук Молка (Тунис)
75 келі. Нәлібай Шұғыла — Зокирова Азиза (Өзбекстан)
Айта кетсек, халықаралық турнир биыл он алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Байрақты бәсеке 20 сәуірге дейін жалғасады.
Турнирде 15 сәуірде Әнел Сақыш (54 келі) моңғолиялық М.Енкжаргалды, Фарух Тоқтасынов (71 келі) ресейлік Дмитрий Захаровты 5:0 есебімен жеңсе, 57 келіде Дәулет Молдашев Солтүстік Корея боксшысы О Монға 2:3 есебімен есе жіберді.
Халықаралық турнирге Ресей, Моңғолия, Тунис, Ирак, Тәжикстан, Өзбекстан, Сенегал, Конго, Куба, Қытай, Солтүстік Корея, Қырғызстан, Беларусь, Грузия, Оңтүстік Корея және Қазақстаннан 150-ден астам боксшы келді.
Еске салсақ, Әзербайжанда өткен «Жібек жолы» турнирінде Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз медаль алды.