Ресейдегі Wildberries қоймасының өртенуінен қазақстандықтар шығынға ұшырады ма
АСТАНА. KAZINFORM – Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Wildberries қоймасының өртенуі жөнінде пікір білдірді.
«Санкт-Петербургте болған өрт Wildberries сақтау қуатының шамамен 3,5%-ін құрайды. Ресей бойынша оның 100-ден астам орны бар. Бүгінгі таңда біздің сатушыларымыз, қанша тауар зардап шеккені туралы нақты ақпарат жоқ. Тергеу, санау, тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жеткізу мүмкіндіктеріне келсек, БАҚ-та көлік паркі зардап шекпегені жазылды, жеткізу тауарларды сақтау және өңдеу пункттері бойынша жүріп жатыр, оның көп бөлігі Ресейдің орталық бөлігінде, процесс штаттық режимде жалғасуда», - деді А. Шаққалиев Үкімет отырысында.
Сауда министрі тергеу нәтижелерін күту керегін, дегенмен біздің сатушылардан өтініш келіп түспегенін айтты.
Еске сала кетсек, 13 қаңтарда Санкт-Петербургтегі Шушары ауылындағы интернет-дүкеннің қоймасында өрт шықты.
Вайлдберриз алаңында 55 704 қазақстандық сатушы тіркелген.