Зілзала кіндігі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1146 шақырым жерде орналасты. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Жерасты дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балдық күшпен Өскемен және Риддер қалаларында байқалды. Қаза болғандар мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.