«Шағын автобуста Моңғолияның 15 азаматы болды, олардың 12-сі жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды», - деді агенттікке сұхбат беруші.
Бұған дейін хабарланғандай, жол апаты бейсенбіден жұмаға қараған түні Таулы Алтай өлкесінің «Чике-Таман» асуынан түсер жерде, Р- Р-256 "Шүй аңғары" тас жолының 659-шы шақырымында болған.
Өңірдің апат медициналары орталығы жарақаттанған 12 азаматты тікұшақпен Таулы Алтайға жеткізу жоспарланғанын мәлім етті. Зардап шеккен азаматтардың жағдайы орташа дәрежеде ауыр деп бағалануда.