АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - 11 қаңтардан бастап Ресейде ұшақтың бортына кез келген сұйықтықты алып кіруге тыйым салатын тәртіп күшіне енді. Атап айтқанда шағын контейнерлер мен 100 миллилитрге дейінгі түтіктерді тасымалдауға болмайды.
Қауіпсіздік шараларын күшейту 9 қаңтарда жария етілген көрінеді. Бұл шаралар Сочидегі қысқы Олимпиадалық ойындардың өткізу кезендегі лаңкестік қатердің алдын алуға негізделіп отыр.
Көлік министрлігінің шараларды қатаңдату туралы бұйрығында дәрілік заттар мен балалардың және диеталық тағамдарға қатысты аталған тәртіп жүрмейтіні айтылған.
Сұйықтықтарды алып өтуге байланысты шектеулер ұшаққа отыру алдында баж салығынсыз сауда аймағында сатып алынған тауарларға да таралмайды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.