Бұл жайлы ресейлік ТАСС агенттігіне Владимировский облысының вице-губернаторы Александр Лобаков мәлім еткен.
«Бір ер адамның кім екені анықталмай отыр. Біз Өзбекстан азаматы болуы мүмкін деп жорамалдап отырмыз. Әзірге кім екені анықталмайынша Владимировскийде (мәйтханада) қалады және анықтау шаралары жалғастырылады», - деді Александр Лобаков.
Бүгін жол апатынан аман қалған 36 Өзбекстан азаматы мен 15 марқұмның мәйіті ұшақпен өз еліне қайтарылды. Тағы бір қаза тапқан Қазақстан азаматының денесі қайтарылған жоқ. «Ол жүргізуші, оның кім екені анықталды, ал, еліне қайтару мәселелері Қазақстан елшілігімен бірлесіп шешілетін болады», - деді Лобаков.