Ресейдегі балалар лагерінде 60-тан астам адам уланды
«33 адам Кушва қаласындағы ауруханада, 31-і Нижний Тагилге жеткізіледі. Қазір ол жерде 20 адам бар, лагерьден тағы 11 бала әкелінеді», - делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі оқиға орнында ведомствоның және Апаттар медицина орталығының өкілдері, сондай-ақ жергілікті ауруханалардың қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын хабарлаған. «Науқастардың емделуіне қажеттінің бәрі бар, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Улану себептері тексеріліп жатыр», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, балалардың барлығында ұқсас симптомдар байқалып отыр.
«Лагерьді ұйымдастырумен «Солнечный» ұйымы айналысады. Прокуратура лагерьдегі тағамдардың сынамаларын зертханада тексеру үшін мамандарды жұмылдырды», - деп мәлімдеді прокуратураның баспасөз қызметі.