Ресейдегі бокс кеші: Екі қазақстандық жекпе-жектерін өткізбейтін болды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдің Челябі қаласында өтетін Сергей Ковалев (33-3-1, 28КО)-Энтони Ярд (18-0, 17КО) бокс кешінің аясында жұдырықтасуы тиіс болған екі қазақстандық спортшы рингке шықпайтыны хабарланды.

Алдағы 24 тамыз күні Челябі қаласында бокс кеші өтіп, оныңбасты айқасында ресейлік Сергей Ковалев пен британдық Энтони Ярд кездеседі. Оныңандеркартында қазақстандық екі боксшы: аса ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий (10-0,6КО) мен екінші жартылай жеңіл салмақтағы Станислав Калицкий (8-0, 3КО)жекпе-жек өткізуі тиіс еді.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасындажазылғандай, Ж.Кособуцкийдің кездесуі өтпейтіндігі кеше белгілі болған.

«Тамыз айындағы Челябинск - болмайды. Менімен жұдырықтасуданбас тартты. Сондықтан рингке қыркүйектің ортасында Брестте шығуды жоспарлапотырмын. Бірақ нақты датасы әлі белгісіз», - деді боксшының өзі.

Сондай-ақ Станислава Калицкийдің рингке шығатын уақытыаяқасты өзгеріп кеткен. Бұған дейін BoxRec.com белді порталы оның келесі жекпе-жегі 24тамыз күні Челябіде Ковалев-Ярд бокс кешінің аясында өтетінін хабарлағанболатын. Ендігіде, қазақстандықтың рингке шығатын уақыты мен жері – «7 қыркүйек,Екатеринбург» деп жазылған. Оның қарсыласы өзгерген жоқ. Ол – ресейлік ВладиславКрасношеин (7-0-1, 2КО). Айқас уақытының өзгеруі немен байланысты екенібелгісіз.