Қонақ-ардагерлердің алдында сөз сөйлеген Марат Тәжин қанқұйлы соғыс жылдарында бүгінгі Қазақстан халқының мызғымас бірлігі қалыптасқаны туралы, сондай-ақ аласапыран заманда тағдыр тоғыстырған ұлт өкілдері қазақ жерінде бір отбасының баласындай бауырласа түскенін атап кетті. Осыған орай «біз ел басына түскен зұлмат жылдардың зілдей салмағын біз жан-жүрегімізбен сезініп өстік. Сондықтан біз адамзат баласына орны толмас қайғы-қасірет әкелген сұм соғыстың жер бетінде енді қайталанбауын тілейміз»-деді Елші.
Қабылдау барысында құттықтаулар, соғыс әндері, әскери «жүз грамм» және Ұлы мерекеге арнайы құнды сыйлықтар да болды.
Елшіліктің кеңесші-уәкілі Эрик Якубаев Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы №402 мәскеулік мектепте сапармен болды
Бұл мектеп 1944 жылының қантар айында Псков облысының Новосокольники аулының жаңында ерлік көрсеткен Әлия Молдағұлованың атын берген көшесінде орналасқан. Мектептің өзі Мәскеу қаласының Выхино ауданындағы ең үздік және тәуір беделі бар орта оқу орны болып табылады. Ал оның оқушылары пәндік жарыстар мен олимпиадаларда жоғары орындарын алуын дәстүрге айналдырды.
Мектепте қазақтын қарапайым 18 жасар мерген-қызының мүсіні орнатылып, мұражайы ашылған.
Құттықтау сөзінде Э.Якубаев Жеңіс мерекесі шекара мен уақытқа қарамастан халықтарымызды жақындататын және бірнеше ұрпақтар үшін ортақ еске алу күні деп бағалады.
Содан соң, Әлия Молдағұлованың мүсініне гүл шоқтарын қою рәсімін бастап, соғыс және еңбек ардагерлерімен, мектеп мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесу өткізді.
Қызу әңгіме барысында еліміздің дипломаты мектеп ұжымына соғыс батырын еске сақтау жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізіп жатқан үшін зор алғысын білдірді.
Сонымен қатар Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай, Елшіліктің кенесші-уәкілі Марат Сыздықовтың қатысуымен Зеленоград қаласында орналасқан Мәскеу қорғаушысы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы №1912 мектепте салтанатты шаралар өтті.
Ұстаздар мен оқушылар мектеп жылнамасында аттары жазылған жауынгерлерді еске түсіріп құрметтейді, Панфиловшы батыр мүсінінің қасында мектептің маңызды шараларын өткізеді.
Мектеп ұжымымен салтанатты кездесу барысында Марат Сыздықов №1912 мектебінің педагогикалық құрамына өсіп келе жатқан жастарды ортақ ортақ тарихымызды оң көз қараспен үйрету және жастарды басқа ұлттарды қастерлеу тәрбиесін салып келе жатқаны үшін алғысын білдірді.