НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейде бокстан Санкт-Петербург губернаторының кубогында финалға шыққан қазақстандықтар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, жартылай финалға елімізден жеті боксшы жолдама алған еді. Олардың арасынан төртеуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, үшеуі қола жүлдені қанағат тұтты.
Финалға шыққан төрт боксшының үшеуі ресейлік қарсыластарымен қолғап түйістірді. Атап айтқанда, Махмуд Сабыржан (52 келі) Василий Егоровтан, Әбілхан Аманқұл (75) келі Андрей Ковальчуктен, Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) Андрей Коменковтен мықты екенін дәлелдеді. Ал, Асланбек Шымбергенов (69 келі) өзбекстандық Бобо-Усмон Батуровтан айласын асырды.
Айта кетейік, халықаралық турнирде әлемнің 15 елінен 100-ге жуық боксшы келді. Қазақстан атынан жарысқа 9 салмақта 10 былғары қолғап шебері аттанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.