Мәскеу жұртшылығы Қазақстанның «Forte Trio» мемлекеттік триосы және халықаралық байқаулардың лауреаты Әмір Тебенихиннің (фортепиано) өнеріне тәнті болды. Концертте Н. Меңдіғалиевтің «Домбыра туралы аңызы», Ференц Листің си-минор сонатасы, А. Пьяцолланың туындысы, А. Жайымның «Көрұғлы» поэмасы орындалды.
«Біз Мәскеуге жиі келіп концерт қоямыз әрі ресейлік музыканттарды тыңдап, құлақ құрышын қандырып қайтамыз. Бұл жерде өнер көрсету – үлкен жауапкершілік әрі орасан зор әсерге бөлейді», - дейді «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының көркемдік жетекшісі Тимур Урманчеев.
Еске сала кетейік, 7-11 қыркүйек күндері Мәскеуде Қазақстан Мәдениеті күндері өтті. Оның аясында эстрадалық концерт, кітап көрмесі болып, қазақ кинематографының үздік туындылары көрсетілді.
Автор: Медет Ахметов
15:53, 12 Қыркүйек 2019
Ресейдегі Қазақстан мәдениеті күндері концертпен аяқталды
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресейдегі Қазақстан Мәдениеті күндері қазақстандық музыканттардың П. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының сахнасындағы концертімен қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.