Елшіліктің хабарлауынша, 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау өтеді. Ресейдегі ҚР азаматтары Елшіліктде ашылатын №265 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Сайлау учаскесі Мәскеу уақытымен сағат 07.00 – 20.00 аралығында жұмыс істейді. Мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвар, 3 «А» (ҚР Елшілігінің ғимараты).
Сайлаушылар тізіміне тіркелу үшін РФ-дағы ҚР Елшілігінің консулдық есебіне тұруға кеңес беріледі. Сұрақтар туындаған жағдайда жұмыс күндері шұғыл желі нөміріне 7 (925) 897 71 14 (#1 ішкі нөмір) хабарласуға болады.
Мәскеуден бөлек, Қазақстан Республикасының Бас консулдықтары жанында ашылатын сайлау учаскелерінде дауыс беруге болады Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань, Омбы қалалары.
Сайлау учаскесіне келгенде өзіңізбен бірге ҚР азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болуы керек. Ағымдағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, маскалық режим мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау қажет.