Жарыс төрт жаттығу бойынша өтті.
Ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстарға 5 ұлттық құрама қатысты. Олар Беларусь Республикасының, Болгария Республикасының, Қазақстан Республикасының, Корея Республикасының және Ресей Федерациясының командалары.
Сонымен қатар аталған спорттық шараға Ресейдің ТЖМ бас басқармалары мен оқу мекемелерінің 9 ерлер және 5 әйелдер командасы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР ерлер және әйелдер құрамалары жалпыкомандалық III орынға ие болды.