Ресейдегі табиғи өрттің көлемі екі есеге дейін қысқарды

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Ресейде орын алған табиғи өрттің аумағы екі есеге дейін қысқарды. Өткен тәулікте осындай көрсеткіштер орын алды, - деп хабарлайды Утро.ру.

РФ ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, өткен тәулікте жану ошақтары аз болған, дегенмен тұтанған ошақтардың өзін өшіру оңайға соққан жоқ. Кешеден бері Ресей аумағында 600-ден астам өрт тіркелген. Нәубетті жоюға елдің 160 мыңнан астам азаматы жұмылдырылуда.