«Курил көліндегі іздеу операциясына РФ ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, Кроноцк қорығы, Камчатка өлкесінің күші жұмылдырылды. Ұшқыштың денесі жағаға шығарылды, тікұшақтың бөлшектеріне жақын маңнан тағы екі адамның денесі табылды. Жұмыстар күндіз жалғасады», - деп хабарлады Камчатка губернаторы Владимир Солодов Telegram-каналда.
Су астына сүңгитін құрылғының көмегімен жағалаудан 110 метр тереңдіктегі 500 метр қашықтықтан тікұшақтың корпусы табылды. Бір тәулікте көлдегі 5 мың шаршы метр, пилотсыз ұшу құралдарының көмегімен 5 шаршы шақырым аумақ тексерілді.
Еске салайық, 12 тамызда Камчаткада 13 демалушы мен экипаждың үш мүшесі мінген Ми-8 тікұшағы құлаған болатын.