Ресейдегі Түмен облысының қазақтары ҚР Президентін туған күнімен құттықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ресейдің Түмен облысындағы отандастарымыз ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы ҚазАқпаратқа Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығынан хабарлады.

«Бүгінде бүкіл әлемнің қазақтары болашаққа үлкен сеніммен қарайды. Біз, Түмен облысының қазақтары да мұны аса ризашылықпен сезініп отырмыз әрі мақтаныш тұтамыз. Өйткені біздің тарихи отанымыз жүз жыл бұрын ата-бабаларымыз Шығыс пен Батысты біріктіргендей қанатын кең жайды және адамзатқа тату көршілік, гуманизм негізінде халықты біріктіре алатын жаңа балама жобаны ұсынуға дайын», - делінген «Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы» ҚБ басшысы Есенғали Ибраев қол қойған хатта.

Хат авторларының сөздеріне қарағанда, барлық уақытта да халық өз ортасындағы жеке тұлғалардың арқасында алға жылжып отырған. Өз халқының тарихын оның қаһармандары жасаған. Әлемнің барша қазақтары үшін мұндай Қаһарман Нұрсұлтан Назарбаев болып табылады. «Тарихтың күрделі кезеңінде, ата-бабаларымыздың мәдени және рухани құндылықтарын жоғалту мәселесі ушыққанда, қазақтар туған жерінде азшылыққа ұшырағанда халықтың көшбасшысы болу Сізге бұйырды. Сіз Қазақстанды алға жетелеп, қолда барды сақтап, оны еселеп, Сізге аманат етіп қалдырылған халықтың абыройын асқақтата көтердіңіз», - деп жазады түмендік қазақтар.