«Қазақстанның Астраxандағы консулы Қанат Шекқалиев бұл оқиға бойынша жедел түрде жергілікті билікпен байланысқа шығып, апаттың мән-жағдайын анықтап жатыр. Бастапқы мәлімет бойынша, автобуста барлығы 7 адам болған. Оның бесеуі қаза тапты, олардың барлығы - Өзбекстан азаматтары. Автобус жүргізушісі мен оның көмекшісі - Қазақстан азаматтары. Олар тірі, жағдайлары ауыр, ауруxанаға жеткізілді», - деп жауап берді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ҚазАқпарат тілшісіне.
Айта кетейік, бүгін РФ Саратов облысының Озинский ауданындағы темір жол өтпесінде «Саратов-Орал» рейстік автобусы жүк пойызымен соқтығысты.
Фото: nversia.ru