«Видеодағы оқиға осы жылдың 22 қарашасында Ресей аумағындағы Амур облысында салынып жатқан газ өңдейтін зауыттың құрылысында орын алған. Жұмысшылардың жаппай төбелесіне Тәжікстан азаматтары жəне біздің отандастарымыз да қатысқан. Жергілікті құқық қорғау органдары мəн-жайды анықтап жатыр. Кінəлілердің барлығы анықталған», - деді Алмас Садубаев.
22:44, 25 Қараша 2018
Ресейдегі жұмысшылардың жаппай төбелесіне Қазақстан азаматтары да қатысқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі жаппай төбелеске Қазақстан азаматтары да қатысқан. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.