АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сирия аумағында Ресейден барған 400-ге дейінгі жалдамалылар болуы мүмкін. Бұл туралы ресейлік Федералды қауіпсіздік қызметі директорының бірінші орынбасары Сергей Смиринов айтты, деп жазады ВВС.
Оның айтуынша, кейін осы адамдар Ресейге оралады және бұл өз кезегінде үлкен қауіп-қатер төндіруі ықтимал.
Шенеуніктің айтуына қарағанда, ресейлік заңнамада бұндай жалдамалы азаматтарға тосқауыл қою тұрғысында нақты айқындалған шектеулер жоқ.
Сәуір айында Сирия Үкіметінің хабарлауынша, осы елде көтерілісшілер жағында әлемнің 29 елінен жалдамалылар соғысып жүрген көрінеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.