«Кейінгі 3-4 жылда көргеніміздей, біздің нарығымызда еркіндік болғанда Ресей мен Беларусьте шығарылған қант әкелінді. Олардың бағасы отандық қанттың құнынан 25%-ға арзан. Осы аралықта Қазақстандағы барлық қант зауыттары жұмысын тоқтатты. Себебі, шығынға батты. Мәселен, біздің шығын 1,5 млрд теңге болды. Бұл тек қант мәселесіне ғана қатысты емес. 30 жылдың ішінде көптеген өңдеу кәсіпорындары жоғалып кетті», - деп тоқталды Қайрат Оразбеков.
Осыған байланысты зауыт басшысы шетелден әкелінетін қанттың бағасы мен отандық тауардың құнын теңестіруді ұсынды. Оның айтуынша, мұндай талап енгізілсе, онда бәсекелестік артып, қазақстандық зауыттар үздіксіз жұмыс істемек.