«ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Костанай облыстық инспекциясы Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан „Қайрақ“ фитосанитарлық бақылау бекетінде 18-19 қыркүйекте 12 бұзушылық анықталды», — делінген ақпаратта.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар 170,9 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелуді тоқтатты.
Әкімшілік хаттамалар жасалды. Картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылды.