Қазақстан мен Ресей тараптарының бірлескен шешімі аясында жолбарыстарға екі елдің ынтымақтастығын және жобаның Орталық және Шығыс Азия табиғатымен тарихи байланысын білдіретін есімдер берілді:
- аталық жолбарыс — Амур;
- аналық жолбарыс — Үміт;
- еркек күшік — Тұран;
- ұрғашы күшік — Уссури.
— Қазақстанға жеткізілгеннен кейін жолбарыстар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының арнайы дайындалған вольерлеріне орналастырылды. Қазір олар мамандар мен ветеринариялық қызмет өкілдерінің тұрақты бақылауымен бейімделу кезеңінен өтіп жатыр. Жануарлар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп келеді, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, — дейді мамандар.
Алдағы уақытта бейімделу кезеңі мен жануарлардың жағдайын кешенді бағалау аяқталғаннан кейін оларды табиғи ортаға жіберуге дайындық жүргізіледі. Жіберу алдында жолбарыстарға спутниктік қарғыбаулар тағылады. Бұл олардың қозғалысын тұрақты бақылауға және мамандардың жедел сүйемелдеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Ресей Қазақстанға төрт Амур жолбарысын сыйға тартқанын жаздық.
Сонымен қатар Владимир Путин Амур жолбарыстарын Қазақстанға берудің мақсатын түсіндірді.