1945 жылы шығарылған Т-34-85 танкісін Ресейден Қазақстанға заңсыз әкетпекші болған. Бұл жайлы Челябі облысы ФҚҚ басқармасы хабарлады. Машинаны "Қарталы" шекара пунктіндегі темір жол құрамы платформасынан тапқан.
«Ресей аумағына транзитпен әкелінген танкіні ресейлік-қазақстандық шекарада темір жол құрамын тексеру кезінде шекара наряды тапқан», - делінген ФҚҚ Челябі облысы бойынша басқрамасының хабарламасында.
Машинаның қаруы істен шығарылған. Сарапшылардың бағалауынша, танкінің нарықтық құны 2 млн рубльге жуық.
Мәдени құндылықты ұрлауға әрекет жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ФҚҚ. Алайда танкінің иесі анықталмай отыр.